Ыстамбұлда (Түркия) өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Айдос Медет (11-0, 8 КО) ресейлік Руслан Берчукты (14-19, 4 КО) жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған. 60-54 есебімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.

Айдос Медет кәсіпқой мансабындағы он екінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Руслан Берчук жиырмасыншы жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, Айдос Медет кейінгі жекпе-жегін былтыр қараша айында Алматыда өткізіп, тәжікстандық Зиёвуддин Бахриддиниді (0:2) нокаутқа түсірген болатын.