Конголық боксшы Мартин Баколе украиналық чемпион Александр Усикке қарсы сенсациялық спаррингтің жай-жапсарын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осыдан бірнеше ай бұрын Баколе БАҚ өкілдеріне оқу-жаттығу кездесуінде Усикті нокаутқа түсіргенін айтқан.

— Усикті нақты қалай нокаутқа түсірдіңіз?

— Бұл денеге соққы болды. Мен бір қадам артқа шегініп, оған соққы жасадым», - деді Баколе (күліп), Seconds Out-қа берген сұхбатында.

Мартин Баколе кәсіпқой бокста 21 жекпе-жек өткізіп, 20 жеңіске жеткен. Александр Усик 21 жекпе-жек өткізіп, 21 жеңіске жетті.