Қазақстан теннисші Михаил Кукушкин Бергамодағы (Италия) турнирдің іріктеу кезеңін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кукушкин бірінші іріктеу кезеңінде италиялық Федерико Арнабольдиді – 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Кездесу 1 сағат 11 минутқа созылды.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші турнирдің негізгі жеребесіне шығу үшін македониялық Калин Ивановскиге қарсы ойнайды.