Орта салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Исраэль Адесанья WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Тайсон Фьюриге қарсы бокс кешінде Фрэнсис Нганнуға бәс тіккен 20 мың долларынан айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеше түнде Эр-Риядта өткен он раундтық рейтингтік жекпе-жек Фьюридің жеңісімен аяқталды. Екі төреші жеңісті Фьюриге берді (95:94, 96:93), бірі Нганну жеңді деп шешім шығарды (95:94).

Mirror басылымының хабарлауынша, Адесаня Нганну жеңеді дегенге 15 мың, ауыр салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Фьюриді нокаутқа түсіреді дегенге 5 мың тіккен. Осылайша, жаңа зеландиялықтың ұтысы 173 мың болуы мүмкін еді.

Естеріңізге сала кетейік, 37 жастағы Нганну кәсіпқой бокс рингіне алғаш рет шыққан болатын.