Сағат 29-да Пальма-де-Майоркада алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің финалдық матчында испаниялық «Пальмамен» ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Пальма» – «Қайрат» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 00:30-да басталып, Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының элиталық раундына мерзімінен бұрын шыққан еді.

Айта кетейік, испандық клуб Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы.