Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин грузин Зура Ткемаладземен бірге Телавиде (Грузия) ITF турнирінің жұптық сайысында финалда жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ломакин мен Ткемаладзе финалдық кездесуде Теймураз Габашвили (Ресей)/Александре Метревели (Грузия) жұбымен кездесіп, олардан екі сетте ұтылды – 4:6, 4:6.

Осылайша қазақстандық және оның серіктесі титул жеңе алмады.