Астана қаласында жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында жартылай финалға шыққан боксшылар анықталды, деп хабарлайды Каzinform.

Жартылай финалға шыққандар арасынан Қазақстан құрамасы 10 спортшымен көш бастап тұр. Атап айтқанда, Бексұлтан Боранбек (48 келі), Ислам Машкентаев (51 келі), Жансері Көшербаев (54 келі), Бек Жолдасбек (57 келі), Бақтияр Анарбаев (60 келі), Төрехан Сабырхан (63,5 келі), Нұрбек Мурсал (67 келі), Ислам Советов (71 келі), Алдияр Абдиллаев (75 келі), Дәулет Төлемісов (80 келі), Виктор Литвинов (86 келі), Нұржан Думан (92 келі) және Иван Ермоленко (92 келіден жоғары) жүлдені сарапқа салуға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ жартылай финалға Өзбекстан мен Үндістан – 8, Жапония – 5, Оңтүстік Корея мен Қырғызстан – 4, Түрікменстан – 3, Тәжікстан, Филиппин, Тайпей, Вьетнам –2, Иордания мен Ирак 1 боксшыдан қосады.