Қазақстандық «Аят» Чемпиондар лигасының негізгі сатысында Украинаның «Хит» командасымен кездесті.

Біздің ұжым матчты нәтижелі бастап, екі гол соққан. Алайда ойынның соңғы минуттарында украиналық команда екі гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті.

Осылайша командалар 2:2 есебімен тең түсті.