Аралас жекпе-жектен Dar Team қомандасының бас бапкері, қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновпен жұмыс істейтін Азиз Разыев спортшының алдағы жоспарымен бөлісті.

Бұл туралы ол «Вестник ММА» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

«Шавкат жақында Стивена Томпсонмен көпшілік күткен, қызықты әрі тартысты жекпе-жектерінің бірін өткізеді. Иә, рейтингіге өзгеріс енді. Рахмонов бесінші орында тұр. Біз UFC-де кейде оныншы нөмірлі спортшының чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізетінін көріп жүрміз және оған еш таңғалмаймыз. Шавкаттың биыл чемпиондық айқас өткізуі екіталай, бірақ келесі жылы, Алла қаласа, бәрі жақсы болса, оны айтулы жекпе-жектер күтіп тұр», - деді ол.