«Қайрат» АФК капитаны Игита команданың Чемпиондар лигасындағы өнері мен испаниялық «Пальмаға» қарсы алдағы матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жексенбі күні біз топтағы бірінші орын үшін күресеміз! Бізге сіздердің қолдауларыңыз қажет. Қазақстан бізбен бірге!», – деп жазды қақпашы Инстаграм парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің екінші турында «Қайрат» ойынның соңғы секундында (2:2) гол жіберіп, венгриялық «Халадастан» жеңіліп қалған болатын.

Қазір алматылық команда төрт ұпаймен топта екінші орында тұр. Топ көшбасшысы испаниялық «Пальма» клубы. Оларда 6 ұпай бар.

«Пальма» - «Қайрат» матчы 30 қазанға қараған түні өтеді, Кездесу Астана уақытымен 00:30-да басталады.