Франция астанасы Париж қаласында 30 қазан – 5 қараша аралығында өтетін биылғы соңғы мастерс турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 30-ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 14-орында тұрған америкалық Фрэнсис Тиафомен ойнайды.

Жүлде қоры 5 млн 779 мың еуродан асатын жарыста әлемнің 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің 24 дүркін чемпионы, сербиялық Новак Джокович, сондай-ақ рейтингте екінші сатыдағы испаниялық Карлос Алькарас бастаған теннисшілер бақ сынайды.

Өткен жылғы додада финалда Н.Джоковичті жеңген даниялық Хольгер Руне үздік шыққан болатын. Ал А.Бублик алғашқы айналымнан аса алмаған еді.