28 қазанда «Аят» МФК футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңдегі топтық кезеңінің үшінші турында украиналық «ХИТ» клубымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Омиш қаласында (Хорватия), Рыбняк аренасында өтеді. Ойын Астана уақытымен 20:50-де басталады. Трансляцияны «Qazsport» арнасынан көруге болады.

Айта кетейік, қазақстандық «Аят» бұған дейін Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне өту мүмкіндігінен айырылған болатын.

Қазіргі уақытта «Ольмиссум» (2:3) және «Лиссабон Спортинг» (1:6) клубтарынан ұтылып, кестеде соңғы орында тұр.