Әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Канкунда (Мексика) өтіп жатқан WTA финалдық турниріндегі алғашқы қарсыласы белгілі болды деп, хабарлайды Prosports.kz.

Жергілікті уақыт бойынша 29 қазанда (30 қазан күні таңертең) Рыбакина америкалық Джессика Пегуламен ойнайды. Қазіргі уақытта спортшылар арасындағы жеке кездесулердегі есеп 2-1 Пегуланың пайдасында.

Айта кетейік, Елена Пегуладан бөлек, WTA финалдық турнирінің топтық кезеңінде беларустық теннисші Арина Сабаленка және грекиялық Мария Саккаримен ойнайды.