Биыл 2023 жылғы әлем турының қорытындысы бойынша ең мықты сегіздік Мексиканың Канкун қаласында чемпиондық атаққа таласады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жақында турнирдің жеребе тарту рәсімі болды. Қазақстандық теннисшінің тобы мынадай:

1. Арина Сабаленка4. Елена Рыбакина5. Джессика Пегула8. Мария Саккари

Айта кетейік, WTA финалдық турнирі 29 қазанда басталады. Оған әлемнің ең мықты теннисшілері – қазақстандық Елена Рыбакина, Арина Сабаленка, Онс Жабер, Ига Швентек, Мария Саккари, Джессика Пегула, Кори Гауфф және Маркета Вондроушова қатысады.