Қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали Қытайда өтіп жатқан Азия пара ойындарында жүзуден Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын жүлде салды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы Нұрдәулет Жұмағали жүзуден алтын медаль иегері атанды. Ол 200 м қашықтықты 2:16:74-де жүзіп өтіп, Азия пара ойындарының рекордын жаңартты.

Қазақстан құрамасының қоржынында 8 алтын, 12 күміс және 21 қола жүлде бар.