Сауд Арабиясының астанасы Ар-Риядта өтіп жатқан V Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарының бағдарламасына қазақ күресі қосылды, деп хабарлайды Kazinform.

Аталмыш додаға 14 мемлекеттен келген 40 палуан қатысып жатыр. Олар: Италия, Әзербайжан, Польша, Моңғолия, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы, Түрікменстан, Иран, Сербия, Үндістан, Нидерланд корольдігі, Қазақстан.

Айта кетейік, ұлттық спорт - қазақ күресі бәсекесінде ерлер үш, әйелдер екі салмақта кім мықтыны анықтайды.