Ресейлік ойыншы Кирилл Boombl4 Михайлов Thunderpick World Championship 2023 турнирінде Cloud9 сапында ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клуб Twitter-де жазды. Михайлов Дмитрий sh1ro Соколовтың орнына келді. Бұған дейін снайпер командадан өз еркімен кеткен еді.

Thunderpick World Championship 2023 турнирі Cloud9 командасы үшін 27 қазанда басталады. Турнирдің жүлдеқоры - 500 мың доллар.