«Астана» Конференция лигасы топтық кезеңінің үшінші турында косоволық «Балканиді» жеңгеннен кейін плэй-оффқа шығуға мүмкіндігі бар. Мұндай пікірді елордалық команданың бұрынғы бас бапкері Срджан Благоевич айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.

«Астана» үшін қуаныштымын, оларды құттықтаймын. Қазақстандық команданың топтан шығуға мүмкіндігі бар, бірақ онда «Динамо» не Пльзень жеңіске жететін шығар. Алайда осы жеңістің арқасында «Астана» әлі таласта», — деді Благоевич.

Благоевич «Астана» тізгінін 2021-2022 жылдары ұстаған. 2022 жылдың қыркүйегінен бері серб «Дебреценде» жұмыс істейді.