Орта салмақта WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы Карлос Адамес қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жәнібек Әлімханұлы ешкіммен жұдырықтаспады, ал оның 2 титулы бар. Ол зейнетке кетпейінше солай болады. Ол сатып жүрген стильді кім қарайды? Ол сайқымазақ сияқты жұдырықтасады», - деді доминиканалық боксшы.

Еске салайық, Әлімханұлы бұған дейін мексикалық Сауль Альваресті жеңуге дайын екенін айтқан болатын.