Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы Роналдо биыл «Алтын допқа» аргентиналық Лионель Месси лайық екенін айтты.

- «Алтын доп» Мессиге тиесілі. Күмәнсіз. Басқа жол да жоқ. Әлем чемпионатындағы ойыны ерекше болды. Оның ойыны Диего Марадона мен Пелені еске түсірді, - деді Роналдо.