Хесус Хиль Мансано Ла Лигадағы «Барселона» - «Реал Мадрид» матчында төрелік етеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

ВАР төрешісі қызметін Гильермо Куадра Фернандес атқарады.

Ойын 28 қазанда өтеді.

Бір қызығы, 2022 жылы Мансано «Барселонаның» шабуылшысы Роберт Левандовскиге «Осасунаға» қарсы ойынның 30-минутында екі ескертуден кейін қызыл қағаз көрсеткен.

Алаңнан кетіп бара жатқан кезде төрешіге көрсеткен белгісі үшін ойыншы Испания чемпионатының 3 матчынан шеттетілген: бір матч алаңнан қуылғаны үшін, тағы екеуі төрешіге құрметсіздік көрсеткені үшін.