Қазақстандық дзюдошы Камила Берліқаш дзюдодан Әбу-Дабиде өтіп жатқан Үлкен Дулыға турнирінің алтын медалі үшін жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

78 келіден жоғары салмақтың финалында ол португалиялық Рушель Нуньеске жол берді. Осылайша, Камила турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Бұл Қазақстанның - турнирдегі жалғыз медалі.

Берліқаш жартылай финалда италиялық Эрика Симонеттиді жеңген болатын.

Фото: olympic.kz