Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (29-1, 22КО) келесі жекпе-жегін Астанада өткізбек, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қанат 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күні рингке оралуды жоспарлап отыр. Бұл кеште қазақстандық тағы бір боксшы Садриддин Ахмедов те (13-0, 11КО) жекпе-жек өткізбек.

Айта кетейік, Ислам былтырғы қарашадан бері жұдырықтаспады, сол кезде америкалық Плант-Ситиде аргентиналық Хавьер Франсиско Масиэланы (34-21, 23КО) төрешілер шешішімен жеңген еді.

16 желтоқсанда жұдырықтасуды жоспарлап отырғандардың бірі - Жанқош Тұраров (27-0, 20КО). Ол Алматыда жекпе-жекке шықпақ. Сол күні басқа да қазақстандық боксшылар рингке шығатыны хабарланды.