Қазақстан спортшысы Дастан Мұқашбеков Азия пара ойындарының чемпионы атанды. Ол жеңіл атлетикадан (ядро) алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан спортшыcы Дастан Мұқашбеков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында жеңіл атлетикадан алтын медаль иегері атанды. Оның нәтижесі-15,74 метр.

Соныменқатар осы санатта қазақтандық Иван Зелезняк 12,39 м нәтижесімен қола медаль жеңіп алды. Ал екінші орын БАӘ спортшысына бұйырды.

"Дастанды жарқын жеңісімен құттықтаймын! Бүгін ол кәсіби тұрғыда шеберлігі мен жеңіске деген сенімін айқын көрсетті. Оған болашақта да жоғары нәтижелерге қол жеткізуін тілеймін", - деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.