Бүгін Абу-Дабиде (БАӘ) Grand Slam турнирінің үшінші жарыс күні өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс 14 салмақ дәрежесі бойынша өтеді (7 ерлер және 7 әйелдер).

Жарыстың үшінші күні ерлер арасында 90 келіге дейін, 100 келіге дейін, 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады.

Ерлер:

90 келіге дейін - Әнуарбеков Ермахан, Аян Байғазы

100 келіге дейін – Бозбаев Ислам, Нұрлыхан Шархан

100 келіден жоғары – Қырықбай Ғалымжан, Қажыбаев Ерасыл.

Тікелей эфир Астана уақытымен 20:00-де басталады. Трансляцияны qazsporttv арнасынан көруге болады.