Қазақстан тумасы Роман Фресс (19-1, 12 КО) Магдебургте (Германия) өткен бокс кешінде титулдық жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Фресс серб боксшысы Милосав Савичпен (9-6-1, 7 КО) жұдырықтасты. IBO Inter-Continental крейсерлік титулы үшін жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын, бірақ Фресс үшінші раундта техникалық нокаутпен шайқасты аяқталды.

29 жастағы Фресс үшін бұл жеңіс кәсіпқой мансабындағы 19-шы жеңіс болса, Савич алтыншы рет жеңіліске ұшырады. Фресс Возвышенкада (Солтүстік Қазақстан облысы) дүниеге келген, бірақ бала кезінде Германияға көшіп кеткен