Бүгін, 25 қазанда қазақстандық таэквондошы Нышан Өмірәлі Ханчжоу 2022 Азия Пара ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

+80 келі салмақта финалдық кездесуде К44 сыныбында Нышан Өмірәлі ирандық қарсыласы Хамед Хагшенасқа 11:30 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ бүгін ел қоржынына Әлішер Ғариполлаев (+80 келі) пен Нұрлан Домбаев (80 келі) қола жүлдені қосты.