Бокстан Қазақстан құрамасы Астанада өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алғашқы медальдар жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жасөспірімдер арасында 46 келі салмақта сынға түскен Нығман Нығмет ширек финалдық кездесуде БАӘ боксшысы Мохаммед Алькарбиді жеңіп, кем дегенде «қола» медальға қол жеткізді.

Тағы бір қазақстандық боксшы Алдияр Баһадүр жасөспірімдер арасындағы турнирдің жартылай финалына шықты. Ол 48 келідегі 1/4 финалда Моңғолия өкілі Саранхур Тугулдурды мерзімінен бұрын жеңді.