Әлішер Гариполлаев Қытайда өтіп жатқан Азия пара ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Туризм және спорт министрлігі қазақстандық Әлішер Гариполлаев пара таеквондодан қола медаль жеңіп алғанын хабарлайды.

Үшінші орын таласта отандасымыз жапондық балуан Акира Итоны жеңді. Жекпе-жек 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өтті.

Бұған дейін Қазақстан таэквондошысы Нұрлан Дамбаев Азия пара ойындарында қола медаль иеленген болатын.