«Оқжетпес» командасының 36 жастағы шабуылшысы Жасұлан Молдақараев «Ақтөбемен» өткен ойында (1:1) 15-ші голын соғып, премьер-лигада көкшетаулық клубтың үздік бомбардирлерінің 3-ші қатарына енді.

Жасұлан Молдақараев «Оқжетпес» сапында 2016 жылдың 16 наурызында Павлодарда «Ертіске» (0:1) қарсы ойында дебют жасаған. Бір айға жуық уақыт өткен соң, 2016 жылдың 13 сәуірінде ол атыраулық Жасур Нарзиқұловтың қақпасына (2:0) бірінші голды соқты. Бұл көкшетаулықтармен ҚПЛ-дағы төртінші маусым. Осы уақытқа дейін ол 89 кездесу өткізіп, 15 гол соққан.

Премьер-лигада «Оқжетпестің» бомбардирлері 1992-2023 жж. (25.10.2023 жағдай бойынша):1. Серік Досманбетов – 22 гол (107 матч);2. Әлібек Бөлешев – 16 гол (66 матч);3. Жасұлан Молдақараев – 15 гол (89 матч);4. Тимур Досмағамбетов – 15 гол (95 матч);5. Лука Роткович – 13 гол (31 матч);6. Анатолий Мальков – 13 гол (100 матч).