Қазақстан Республикасы Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Виктор Демьяненко Prosports.kz сайтына аса ауыр салмақтағы қазақстандық Иван Дычко (13-0, 12 КО) мен өзбекстандық нокаутшы Баходир Джалолов (13-0, 13 КО) арасындағы мүмкін текетіреске қатысты пікірін білдірді.

– Иванға біреуге бірдеңе дәлелдеу керек пе, білмеймін. Ол кәсіпқой ретінде ақша тауып, чемпиондық титулға жетуі керек. Дычко көп жылдан бері кәсіпқой ойнады, енді оның әуесқойларға қайта оралуының мәні неде? Олимпиадаға барғысы келе ме? Рұқсат беріле ме, жоқ па, ол да белгісіз. Қалай болғанда да, Олимпиада ойындарына дейін әлі уақыт бар, егер ұлттық құрама басшылығы мен жаттықтырушылар құрамы қажет деп тапса, келесі іріктеу турнирлеріне қатысуға рұқсат беру жөнінде мәселені шешу керек», - деді бокстан 1980 жылғы күміс жүлдегері.

Еске салайық, бұған дейін Иван Дычко әуесқой бокстағы Жалоловтың гегемониясын тоқтатуға дайын екенін мәлімдеген болатын.