Бүгін 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шотландияға қарсы кездесу Түркияның Анталия қаласында өтіп, 2:0 есебімен қарсылас команданың жеңісімен аяқталды. Голды Калум Адамсон мен Оуэн Стиртон соқты.

Еске сала кетейік, Қазақстан алғашқы ойынын Түркияға қарсы өткізген болатын. Командалар жеңімпазды анықтай алмады (0:0).