Қытайдың Ханчжоу қаласында Пара Азия ойындары өтіп жатыр. Бүгін турнирде қазақстандық дзюдошылар өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Олжас Оразалыұлы финалда Өзбекстан өкілі Феруз Сайидовты жеңді. Осылайша қазақстандық ел қоржынына төртінші алтын жүлдені әкелді.

Сондай-ақ, 77 келі салмақта финалда ирандық Роза Эбрахимиге есе жіберген қазақстандық таэквондошы Камила Досмалова күміс медальді иеленді.