«Реал Мадрид» басшылығы клуб бас бапкері Карло Анчелоттидің матчқа шығаратын негізгі құрамына көңілі толмай жүргенін айтқан, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің мәліметінше, «Реал Мадрид» Анчелоттидің Испания чемпионатының оныншы турындағы «Севильяға» (1:1) қарсы матчта Лука Модрич пен Тони Кроосты алаңға негізгі құрамда шығарғанына наразы. Басшылық клуб ардагерлері жаңа таланттарға – Цуамени, Камавинга және Вальвердеге жол беруі керек деп есептейді. Клуб олар алаңда көбірек уақыт өткізуі керек деп санайды.

Испания чемпионатының он турынан кейін «Реал» 25 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Соңғы төрт матчта команда үш рет жеңіске жетіп, бір рет тең түсті. Испания чемпионатының келесі турында «Реал» «Барселонамен» кездеседі.