Бүгін Әбу-Дабиде (БАӘ) Grand Slam сериясындағы турнир басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстар 14 салмақ дәрежесінде өтеді (7 ерлер және 7 әйелдер арасында).

Жарыстың бірінші күні ерлер арасында 60 келіге дейін, 66 келіге дейін және әйелдер арасында 48 келіге дейін, 52 келіге дейін, 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев пен Мағжан Шамшадин өнер көрсетеді. 66 келіге дейінгі салмақта: Ғұсман Қырғызбаев пен Сұңғат Жұбатқан.

Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын Әбужақынова Абиба және 52 келіге дейінгі салмақта Ғалия Тынбаева қорғайды.

Тікелей трансляция Астана уақытымен 20:00-де басталады. Жарысты qazsporttv арнасынан көруге болады.