Transfermarkt порталы топ-лигалардағы ең қымбат ойыншылардың рейтингін жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтингте бірінші орынды 35 миллион еуроға қымбаттаған «Брайтон» шабуылшысы Эван Фергюсон тұр.

Екінші орында «Манчестер Сити» вингері Джереми Доку. Оның трансферлік құны 32 миллион еуроға өсті.

Одан кейін 30 миллион еуроға қымбаттаған 4 ойыншы тұр: Джуд Беллингем («Реал»), Хави Симонс («РБ Лейпцг»), Матис Тель («Бавария») және Уоррен Заир-Эмери («ПСЖ»).

Ең көп қымбаттаған топ-10 ойыншы:1. Эван Фергюсон («Брайтон») 65 млн еуро (+35) млн;2. Жереми Доку («Манчестер Сити») 60 млн еуро (+32) млн;3. Джуд Беллингем («Реал» Мадрид) 150 млн еуро (+30) млн;4. Хави Симонс («РБ Лейпциг») 70 млн еуро (+30) млн;5. Матис Тель («Бавария») 50 млн еуро (+30) млн;6. Уоррен Заир-Эмери («ПСЖ») 50 млн еуро (+30) млн;7. Науэль Молина («Атлетико») 50 млн еуро (+15) млн;8. Дестини Удоджи («Тоттенхэм») 38 млн еуро (+13) млн;9. Малик Тиав («Милан») 30 млн еуро (+10) млн;10. Алессандро Буонджорно («Торино») 20 млн еуро (+10) млн.