«Қайрат» жартылай қорғаушысы «Ақсуды» жеңгені (4:1) және жарақаттан кейін алаңға оралғаны туралы айтты. – Арсен, ең алдымен алаңға оралуыңмен құттықтаймыз! Алаңға шығар алдында қандай әсерде болдың? – Көп рақмет! Алаңға оралғаныма қуаныштымын. Осы сәтті көп күттім. Сонымен қатар шыққан кезде барлығы шапалақ ұрып, мені қолдады. Бұл да маған қосымша күш берді. – Алаңға шығар алдында Кирилл Сергеевич пен дәрігеріміз Дастан саған не деді? – Кирилл Сергеевич бойымда эмоция мен андреналинге толы екенін айтты. Өзіңді ұстап, алаңда салқынқанды болып, абайлап ойнауың керек деді.