Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында Роман Потапов 100 метрге шалқалай жүзуде қола медаль алды, деп хабарлайды Kazinform.

Аталған сайыста еліміздің атынан Кирилл Ильюкевич, Роман Потапов және Андрей Афанасьев бақ сынады.

Сайыс барысында Роман Потапов жарысты үшінші болып аяқтады. Көрсеткіші - 1.10.25.

Қазіргі дейін пара ойындарда қазақстандық спортшылар жалпыкомандалық есепте сегіз медаль алды. Оның ішінде 2-і алтын, 2-і күміс,4-і қола.

Биыл пара ойындарда еліміздің атынан спорттың 14 түрі бойынша 131 спортшы қатысады. Бұл - Қазақстанның Азия параойындары тарихындағы қатысушылар саны бойынша жаңа рекорд.

Бұдан бұрынғы Азия пара ойындарында Қазақстаннан 9 спорт түрінен 91 спортшы қатысып, 33 жүлдеге қол жеткізген болатын.