Prosports.kz Қазақстан құрамасы мен «Ордабасы» капитаны Асхат Тағыбергеннің жарақаты туралы хабарлайды.

Жаңа ғана ел чемпионы атанған футболшы «Шахтерге» қарсы ойынның 71-минутында ауыстырылды. Медициналық тексеруден кейін команда дәрігерлері оң аяқ табанының бесінші сүйегінде жарықшақ пайда болғанын анықтады.

Жарақат 6-8 аптада толық сақаяды деген болжам бар.

Демек Тағыберген Қазақстан кубогының финалындағы «Тобылға» қарсы матчқа, сондай-ақ, Қазақстан құрамасының Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі Сан-Марино және Словенияға қарсы шешуші ойындарына қатыса алмайды.

Ал қорғаушы Сергей Малый Қазақстан кубогының финалдық матчы мен ұлттық құраманың қараша айындағы ойындарына қатысуға дайын.