Бибарыс Спатай пара каноэдан 43.601 секунд нәтижесімен екінші орын иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тағы бір қазақстандық спортшы Максим Богатырев Азия пара ойындарының қола жүлдегері атанды. Оның нәтижесі 58.479 секунд.

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Жаңыл Балтабаева пара каноэдан (VL3 200) жекелей бағдарламада үшінші орынды иеленді. Алғашқы екі орынға Өзбекстан мен Қытайдан келген параатлеттер тұрақтады.