22 қазанға қараған түні MLS негізгі маусымы аясында «Шарлотт» «Интер Майами» арасында матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1:0 есебімен Шарлоттаның жеңісімен аяқталды. Жалғыз голды Кервин Варгас соқты.

«Майами» командасының шабуылшысы Лионель Месси матч бойы ойнады.

«Интер Майами» үшін бұл ойын маусымның соңғысы болды, өйткені клуб турнирдің плей-офф кезеңіне өте алмады.