Абу-Дабиде өткен UFC 294 турнирінің қорытындысы бойынша бонустардың иелері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

50 мың доллар көлемінде қосымша төлемдерді Мухаммад Мокаев, Саид Нурмагомедов, Икрам Алискеров және Ислам Махачев алды.