23 жастағы қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева польшалық спортшы Мартына Кубокпен дуэтте Чербурда (Франция) өткен ITF сериясындағы турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалдық кездесуде Қазақстан-Польша жұбы франциялық Ясмин Мансури мен бельгиялық теннисші Лаура Солденмен кездесті. Құламбаева мен Кубок қарсыластарын 6:0, 6:3 есебімен жеңді.

Қазақстандық спортшының бұл - ITF жұптық турнирде осы маусымдағы алтыншы және мансабындағы 25-ші титулы. Бұған дейін Мартына мен Жібек Прагада өткен турнирдің жеңімпазы атанған болатын.