Қазақстандық теннисші Андрей Голубев пен украиналық Денис Молчанов Стокгольмде (Швеция) өтіп жатқан ATP-250 турнирінің жұптық сынында финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Голубев/Молчанов жұбы жартылай финалда франциялық Албано Оливетти мен америкалық Роберт Галлоуэймен кездесіп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Матч 1 сағат 14 минутқа созылды.