Алматыда өтіп жатқан аралас жекпе-жектен OCTAGON 51 турнирінде кештің төртінші жекпе-жегінің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz

Жартылай жеңіл салмақта қырғызстандық Сыймық Элдияр уулу (2-1) Қазақстан өкілі Тимур «Питон» Қуанышпен (3-0) кездесіп, қазақстандық файтер жеңіске жетті.

Бұл Қуаныштың кәсіпқой деңгейдегі төртінші жеңісі.

Кештің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақта ұйымның қазіргі чемпионы Мухаммаджон Курбанов (10-4) тәжікстандық Фарход Давлятовпен (7-2) кездеседі. Болашақ қарсыластар әртүрлі баспасөз мәслихаттарында бір-бірімен бірнеше рет бетпе-бет сөйлескен, бірақ олар алғаш рет сегізбұрышта кездесіп, кім мықтыны анықтайды.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 51 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink