Қазақстандық боксшы Айдос Медеттің (11-0, 8 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

BoxRec.com хабарлағандай, Медет 29 қазанда Ыстамбұлда (Түркия) шаршы алаңға шығады. Қарсыласы ресейлік Руслан Берчук (14-19, 4 КО) болмақ. Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.

Айдос Медет кейінгі жекпе-жегін былтыр қараша айында Алматыда өткізіп, тәжікстандық Зиёвуддин Бахриддиниді (0:2) нокаутқа түсірген болатын.