«Аль-Иттихад» шабуылшысы Карим Бензема Сауд Арабиясы чемпионатының 10-туры аясындағы «Аль-Таавунға» қарсы ойынның 22-минутында есеп ашты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Арада 4 минут өткенде Бензема өз қақпасына гол соғып алды.

Осыдан кейін таблодағы есеп өзгерген жоқ – тең 1:1.

Сауд Арабиясы Про-Лигасының турнирлік кестесінде «Аль-Иттихад» 20 ұпаймен үшінші орында, «Аль-Таавун» 23 ұпаймен екінші орында тұр.