«Манчестер Ситидің» бас бапкері Пеп Гвардиола «қалалықтардың» жаңа бапкері кім болатынын біледі екен, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тelegraph.co.uk мәліметінше, өткен маусымда «Брайтонға» қарсы ойында испаниялық маман қарсылас команданың бірнеше ойыншыларына: «Бұл «Манчестер Ситидің» келесі бапкері» деп айтқан.

Осы сөзден кейін Гвардиола «Брайтонның» бапкері Роберто Де Дзербиге қарай көрсеткен.