FaZe командасы ENCE командасын жеңіп, IEM Sydney 2023 турнирінің соңғы жартылай финалисі атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 2:0 (Nuke-де 13:5, Anubis-те 13:0) есебімен аяқталды.

21 қазанда жартылай финалда FaZe ұжымы MOUZ ком андасымен кездеседі.

ENCE командасы 5-6-орын иеленіп ($10 мың), турнирдегі өнерін аяқтады.

IEM Sydney 2023 16-22 қазан аралығында Австралияда өтіп жатыр.