Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (19-0, 11К) Ташкент қаласында өтетін жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасқаны белгілі болды. Отандасымыз неміс боксшысы Винцент Файгенбутцке (39-3, 32К) қарсы шығады.

Винсент Файгенбутцке әлемдік бокс рейтингтерінде жоғары сатыда тұр. Боксшы WBC - 11, IBF - 12, WBO - 13, Boxrec рейтингінде 24 орында тұр.

Аталмыш кездесу орта салмақта WBC Middleweight Elimination деңгейінде өтеді. Яғни жекпе-жек жеңімпазы WBC чемпионына міндетті қарсылас болады. Кездесу 12 раундқа жоспарланып отыр.